Басты бет / Физика-техникалық / Жылу физикасы және техникалық физика / Сагинаева Айгерим Сабыржанкызы
Сагинаева Айгерим Сабыржанкызы
Лауазымы: аға оқытушы
Сагинаева Айгерим Сабыржанқызы 1993 жылғы 21
қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты —
қазақ.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті физика-техникалық факультетіне оқуға
түсті. 2014 жылы университетті сәтті аяқтап,
5В060400 — «Физика» мамандығы бойынша бакалавр
дәрежесін алды.
2014–2016 жылдары Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық
факультетінің
магистратурасында білімін
жалғастырып, оқуын
аяқтағаннан кейін 6М060400 —
«Физика» мамандығы
бойынша жаратылыстану
ғылымдарының магистрі
академиялық дәрежесі
берілді.
2015 жылдың шілде
айында Кадис
университеті (Испания, Кадис қ.)
ғылыми
тағылымдамадан өтіп, «General Physics
Instrumentation» бағдарламасы бойынша оқу
нәтижесінде сертификат пен оң пікірлер алды.
Еңбек
жолын 2016 жылы **Л.Н. Гумилёв атындағы
Еуразия
ұлттық университеті**нен бастап, 2016
жылғы
қыркүйек пен 2019 жылғы тамыз аралығында
физика-
техникалық факультеттің жалпы және
теориялық
физика кафедрасында оқытушы қызметін
атқарды.
2019
жылдың қыркүйек айынан бастап
қазіргі уақытқа
дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
дың
физика-
техникалық факультеті, жылуфизика
және
техникалық
физика кафедрасында аға оқытушы
қызметін атқарып
келеді.